«Алматы өңірлік қаржы орталығы 2015 жылы Азиядағы жетекші қаржы орталықтарының біріне айналады», -деп мәлімдеді А. Арыстанов.
Оның айтуынша, қазір Алматы өңірлік қаржы орталығын дамыту жөніндегі тиісті жоспар жасалды. «Бірінші кезең — қор нарығының жалпы құрылымын жасақтауға саяды, өйткені, бүгінгі таңда, өкінішке орай, біздің инфрақұрылым халықаралық нарықтан гөрі, ішкі нарыққа бағытталған», — деді А. Арыстанов.
«Сол себепті біз 2008 жылды дәл осы инфрақұрылымды жетілдіру мәселесіне арнаймыз», — деді ол.
Агенттік басшысының айтуынша, белгілі бір оңды өзгерістер қазір де жасалып жатыр. Мәселен, «егер 2006 жылы сауда-саттықтардың 90% жабық болса, 2007 жылы 90% жуығы ашық нарықта өткізілді».
«Эмитенттер құрылымы да өзгерді. Егер бұрын 44% банк саласына, 40% -ға жуығы шикізат саласына тиесілі болса, қазір құрылыс, сауда, фармацевтикалық компаниялар секілді басқа да эмитенттер пайда болды», — деді ол.
«Инвесторлар сан адуан болмай, нарық қалыптаспайды», -деп атап өтті А. Арыстанов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті