ӘДСҰ сарапшылар атап өткеніндей, дене шынықтыру үшін жергілікті дәстүрлерге сәйкес келетін әрі пайдалануға ыңғайлы құралдар мен жағдайлар болуы шарт. Қозғалыстың белсенділігі адамдардың біліміне, олардың тұрып жатқан аудандарына, әлеуметтік дәрежесіне қарамастан, бәріне бірдей болуы керек.
ӘДСҰ 2002 жылы «Қозғалыс- бұл өмір» атты халықаралық күнді белгіледі. Ол әлемдегі көптеген мемлекеттерде қозғалыстың адам денсаулығына, оның қуатты болуына пайдалы деген насихатпен 10 мамырда атап өтіледі.
Күніне 30 минуттық қозғалыс жұқпалы емес бірқатар аурулардың пайда болуының алдын алады.
Биылғы жылы ӘДСҰ қозғалыс белсенділігі мәселесіндегі теңсіздік жайына ерекше назар аударды. Өйткені, көптеген елдерде спорт залдары мен клубтарға әркімнің баруға шамасы жетпе бермейтіні белгілі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті