Тәжікстанда шегірткелер 100,5 мың гектар егіндік алқаптарға таралды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстанда шегірткелер 100,5 мың гектар егіндік алқаптарға таралды

Тәжікстанда шегірткелер 100,5 мың гектар егіндік алқаптарға таралды

Душанбе. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Бүгінгі күні Тәжікстанда шегірткелер 100,5 мың гектар егіндік алқаптарға таралды, деп хабарлайды агенттік "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 13 Мамыр 2008
  • 579
Фото - Caravan.kz

Тәжікстанның ауылшаруашылық министрлігі хабарлағанындай, бұл егіндік алқаптардың 82 мың гектарына өңдеу жүргізілді. Хатлон облысында шегірткелер 62 мың 800 гектарға таралды. Оның 52 мың 855 гектар жері өңделді.

Согдий облысында зиянкес жәндіктер 21 мың 350 гектар ауылшаруашылық алқаптарға түсті. Оның 16 мың 918 гектары улы химикаттармен өңделді. Республикаға бағынатын аудандарда шегірткелер 18 мың 100 гектарға таралған, оның 12 мың 20 гектары өңделген.

» 224 гектар жерде шегірткеге бақылау жүргізілуде», — деп хабарлады ауылшаруашылық министрлігіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті