Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы екі жақты қарым-қатынастарды кеңейту перспективасын талқылады, деп хабарлайды агенттік үкіметтің абспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, гидроэнергетика, тау рудасы өнеркәсібі, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қозғалды.
Премьер-Министр К. Мәсімов Қазақстан үкіметінің Тәжікстан Республикасымен ынтымақтастықты белсенді дамыту үшін қажетті жағдай жасауға әзір екенін жеткізді.
Тараптар Қазақстан мен Тәжікстан арасында қол жеткізілген өзара түсіністік деңгейі саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екі жақты ынтымақтастықтың одан әрі кеңеюіне ықпал ететініне сенім білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті