Өзбекстан Ресейге газ тасымалын ұлғайтады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстан Ресейге газ тасымалын ұлғайтады

Өзбекстан Ресейге газ тасымалын ұлғайтады

Алматы. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Биылғы жылы Өзбекстан Ресейге жіберілетін газ экспортының көлемі 12,75 млрд текше метрге дейін ұлғайтылады, ал өткен жылы оның көлемі 10 млрд текше метрді құраған. Бұл туралы "Өзбекмұнайгаз" Ұлттық холдинг компаниясы төрағасының орынбасары Шавкат Маджитов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік CA-News ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 13 Мамыр 2008
  • 397
Фото - Caravan.kz

Ш. Маджитовтың айтуынша биылғы жылы Өзбекстан экспорттайтын табиғи газ көлемінің 85 пайызы Ресейдің үлесіне тиеді.

Өткен жылы 14,5 млрд текше метр газдың 10 млрд текше метрі Ресейге жөнелтілді.Өзбекстанмен көршілес тұрған Қырғызстан мен Тәжікстанға 1,5 млрд текше метр көлемінде көгілдір отын экспортталды.

2006 жылы Ресейге 9,58 млрд текше метр газ жіберілсе, Қазақстан — 1,6 млрд, ал Қырғызстан мен Тәжікстан екеуі 1,47 млрд текше метр өзбек табиғи газын алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті