Қазақстан мен Литваның қорғаныс мекемелері әскери салада ынтымақтасу жөніндегі келісімге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Литваның қорғаныс мекемелері әскери салада ынтымақтасу жөніндегі келісімге қол қойды

Қазақстан мен Литваның қорғаныс мекемелері әскери салада ынтымақтасу жөніндегі келісімге қол қойды

Астана. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Литваның қорғаныс мекемелері әскери салада ынтымақтасу жөніндегі келісімге қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасай отырып.

  • 14 Мамыр 2008
  • 364
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының қорғаныс министрлері Даниал Ахметов пен Юозас Олекастың ресми кездесуі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Литва Республикасының Қорғаныс министрлігі арасында әскери салада ынтымақтасу жөніндегі келісімге қол қойылды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

«Д. Ахметов бұл құжаттың өзара пайдалы қатынастардың дамуына ықпал ететін қажетті тұғырнама болатынын атап өтті және ынтымқтастықтың әрі қарай да жалғасуына үміт білдірді», — деп көрсетілген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, екі министрдің кездесуі барысында, сондай-ақ, екі елдің қорғаныс ведомстволарының ынтымақтастығының басым бағыттары талқыға салынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті