Оңтүстік Корея Қазақстанның энергетикалық қорын игеруге атсалысудан мүдделі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Корея Қазақстанның энергетикалық қорын игеруге атсалысудан мүдделі

Оңтүстік Корея Қазақстанның энергетикалық қорын игеруге атсалысудан мүдделі

Астана. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Корея Қазақстанның энергетикалық қорын игеруге атсалысудан мүдделі. Бұл туралы бүгін "Қазақстан -Корея: ынтымақтастықтың жаңа перспективалары" атты бизнес-форумда Корея премьер-министрі Хан Сын Су мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 14 Мамыр 2008
  • 590
Фото - Caravan.kz

«Корея энергетикалық ресурстардың 97%-ын шетелдерден импорттайды және табиғи ресурстарға бай Қазақстанмен ынтымақтасудан айрықша мүдделі. Осыған байланысты біз Кореяның қолайлы шарттармен Қазақстанның энергетикалық ресурстарын игеруге атсалыса алуы тұрғысынан сіздерден түсіністік сұраймыз», — деді Корея үкімет басшысы Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовке қаратып айтқан сөзінде.

Осы орайда ол «Кореяның тәжірибесі мен жаңалықтары Қазақстанға қазір аса қажетті» екенін атап өтті. «Корея өз тәжірибесімен бөлісуге және Қазақстанның экономикасын дамытуға түрткі болуға, инвестицияларды ұлғайтуға, технологияларлы беруге, мамандар дайындауға, шетелдік нарықтарды бірлесе игеруге септігін тигізуге дайын», — деді Корея премьер-министрі.

«Қазақстан да Кореяның экономикалық дамуында стратегиялық әріптес бола алады деп сенеміз», — деді Хан Сын Су. Ол сонымен бірге «Қазақстанның Орталық Азиядағы Кореяның аса маңызды экономикалық әріптесі» екенін атап өтті. «Енді бізге өзара ынтымақтастығымызды тағы бір деңгейге жоғары көтеру, құрылыс және коммуникациялар сияқты салаларда өзара стратегиялық ынтымақтастығымызды нығайту қажет», — деді ол.

Өз кезегінде Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов «Кореяның компаниялары мен бизнесі үшін Қазақстанға келудің ең тиімді сәті осы екенін» жеткізді. «Осы кезеңді біз бірлесе пайдалануымыз қажет, Оңтүстік Корея банктерінің Қазақстан нарығына келе бастауын біз қолдаймыз», — деді Кәрім Мәсімов.

«Экономика саласында екі елдің қарым-қатынасы біршама қарқынды дамып келеді, дегенмен, 2008 жылы бізге одан әрі дамуға тағы бір қадам болатын тың серпін қажет», — деді Қазақстан премьер-министрі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті