«Біз үшін транспорттық мүмкіндіктері тұрғысынан Литваның тәжірибесі мен Литва бизнесімен ықпалдастықтың маңызы зор, меніңше, бұл жерде алға жылжитын бірнеше бағыт бар», -деді Кәрім Мәсімов.
«Біз, сондай-ақ, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу саласындағы ынтымақтастықтың жайын талқыладық. Бұл Қазақстан үшін аса маңызды бағыт», -деді премьер. «Бұл салада Литва ауқымды тәжірибе жинақтаған. Литва өнімдері тіпті Еуропа үшін аса күрделі болып келетін ет және сүт нарығында да бәсекеге қабілетті», -деді Кәрім Мәсімов.
«Жалпы алғанда біз азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемасын шешу мақсатын қойып отырмыз және ол үшін Литваның ауылшаруашылығы саласындағы тәжірибесі мен технологияларын тартатын боламыз. Тиісті уағдаластықтар бүгін жасалды», — деді үкімет басшысы.
Өз кезегінде Литва үкімет басшысы екі ел арасындағы сауда ынтымақтастығын дамыту қажеттігіне тоқталды.
«Біздің экономикалық байланысымыз кеңейе түскенімен, даму қарқыны төмен», -деді ол. «Біз екі ел арасындағы қазіргі тауар айналымының көлеміне қанағаттана алмаймыз, бізде сауда саласындағы ынтымақтастық аясын кеңейтуге әлеует бар деп ойлаймын», -деді Г. Киркилас.
Ресми мәлімет бойынша, Қазақстан мен Литва арасындағы тауар айналымы өткен жылы $118,5 млн болды. Қазақстанда Литва капиталының қатысуымен құрылған 22 кәсіпорын жұмыс істеуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті