«Үкіметке 2008 жылдың 1 қыркүйегіне дейін құжаттар қоржынын дайындауды және осы орайда бүгін сьезге қатысушылар айтқан ұсыныстарды ескеруді тапсырамын», -деді үкімет басшысы.
Сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаев президенттің жанынан жастар саясаты жөніндегі арнаулы кеңес құруға шешім қабылдағанын жеткізді. «Кеңес жастар саясатын үйлестіріп, «Нұр Отан» ХДП-ның жастар қанаты — «Жас Отанның» атқару комитетімен етене жақын байланыста жұмыс істейтін болады», -деді ол.
Қазақстан мемлекет басшысы президент әкімшілігіне осы кеңесті құруға қажетті шараларды қолдануды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті