«Мен президент Нұрсұлтан Назарбаевқа өз еліміздің мемлекет басшысының Литваға келіп қайтуға шақырған шақыруын жеткіздім», — деді Г. Киркилас. «Ал өзім премьер-министр Кәрім Мәсімовты Литваға шақырдым», деді ол.
Г. Киркиластың айтуынша, Литва энергетика және транспорт саласында Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуден мүдделі.
Өз кезегінде Кәрім Мәсімов Қазақстанның Литвамен арадағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты пәрмендендіре түсуге ниетті екенін атап өтті. Сонымен бірге, оның айтуынша, Қазақстан үшін Еуропалық Одаққа мүше Литва жалпыеуропалық құрылымдар аясындағы Қазақстанның бастамаларын ілгерілету тұрғысынан қызығушылық тудырады.
«Кейінгі 17 жылда саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардағы трансформация барысында, еуропалық Одақ стандарттарына бейімделу барысында Литва жинақтаған бірегей тәжірибе Қазақстан үшін аса маңызды деп ойлаймын. Себебі ел президенті Н. Назарбаев «Еуропаға апарар жол» атты бағдарлама жасау мақсатын қойғаны белгілі», — деді Кәрім Мәсімов.
«Біз экономикалық және саяси жүйелерді құру мәселесінде барлық принциптерімізді Еуропалық Одақ стандарттарына толық сәйкес келетіндей етіп құруымыз қажет. Осы мәселеде Литваның ақыл-кеңесі бізге ауадай қажет», -деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті