Қырғызстан Республикасының қаржы министрі Мадридке барған сапары кезінде Қытай Халық Республикасының (ҚХР) және Үндістанның қаржы министрлерімен кездесіп, берешек мәселесі бойынша екі жақты келіссөздер өткізді.
Т. Қалымбетова атап өткеніндей, бүгінгі күні ҚХР мен Қырғызстан арасындағы берешек мәселесі шешілді. Өткен жылы Қырғызстан және ҚХР үкіметтері арасында ҚХР үкіметінің бөлген $7 млн несиесін грантқа ауыстыру жөнінде келісім жасалды. Алайда ол атап өткеніндей, Қырғыз-Қытай қағаз фабрикасының 72,5% мемлекеттік пакет акциясын «Мэй-Ли» қағаз корпорациясына беру жөнінде шешілмеген мәселелер бар. Корпорация Қырғыз-Қытай қағаз фабрикасының жобасы бойынша жеңілдетіліп берілген несиені қайтару міндетін өзіне жүктеді. ҚХР қаржы министрі бұл мәселенің тездетіп шешілуіне көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.
Т. Қалымбетова Үндістан делегациясын басқарған қаржы министрі Паланьяппан Чидамбараммен келіссөздерді жүргізіп, жақын арада екі мемлекеттің үкіметтері арасында Қырғызстан Республикасының Үндістан алдындағы $1,024 млн мөлшеріндегі қарызын өшіріп тастау туралы келісімнің жасалатыны жөнінде уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті