Қазіргі заманғы басқарушылардың жаңа буынын қалыптастыру қажет - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазіргі заманғы басқарушылардың жаңа буынын қалыптастыру қажет  - Назарбаев

Қазіргі заманғы басқарушылардың жаңа буынын қалыптастыру қажет - Назарбаев

Астана. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін "Нұр Отан" ХДП-ның жастар қанаты - "Жас Отанның" бірінші съезінде мемлекеттік басқару, бизнес, қоғамдық қызмет жүйесі үшін қазіргі заманғы басқарушылардың жаңа буынын қалыптастыру қажет, деп мәлімдеді.

  • 14 Мамыр 2008
  • 496
Фото - Caravan.kz

«Партиядағы және мемлекеттік қызметке дайындау үшін партия қатарындағы 200 жас жетекшіден жас мамандар резервін жасақтау жобасын биылдан бастап жүзеге асыру керек», — деді президент.

Мемлекет басшысы президент әкімшілігіне, үкімет пен «Жас Отанға» осындай арнайы бағдарлама бойынша дайындалып, болашақта жауапты қызметтерде жұмыс істейтін адамдарды нақты іріктеуге кірісе беруге тапсырма берді. «Бізге 21 ғасырда қалай жұмыс істеу қажет екенін білетін адамдар керек. Партияның бар ресурсы қабілетті әрі лайықты жас көшбасшыларды дайындауға бағытталуы қажет», -деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті