Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Тәжікстанның ЕБА қызметкерлері шұғыл іздестіру шараларын өткізу кезінде Душанбе-Худжан тас жолында заңсыз есірткі тасымалын жасайды деген күдікпен жанар -жағар майды жеткізуге арналған «КамАЗ-5320» көлігін тоқтатты. Көлікті тексеру кезінде арнайы үйретілген ит пен техникалық құралдар арқылы көлік цистернасының ішінен 423 келі 645,2 грамм есірткі заты табылып, 33 келі 823,5 грамы героин, 389 келі 821 грамм шикі апиын және 15 оғы бар Макаров тапаншасы тәркіленді.
«Бұл биылғы жылы агенттік тәркілеген ең қомақты есірткі партиясы болды. Сарапшылардын берген бағасы бойынша, Тәжікстанда оның бағасы $400 мың, ал Еуропада $10 млн артық тұрады», — деп хабарлады баспасөз қызметінде.
Алдын ала тергеу материалдары мен шұғыл деректер бойынша Тәжікстанның Хатлон облысында тәркіленген есірткі Ауғанстанның солтүстік шығыс провинциясынан заңсыз арна арқылы келіп, оны Согдий облысы аумағы арқылы контрабандалық жолмен ТМД елдерінің біріне жеткізу көзделген болатын.
«Агенттік бөлімшелерінің тыңғылықты жұмысы арқасында есірткі тасымалдаушының ізіне түсуге мүмкіндік туды. Жүргізілген ірі операция шетелдерге Тәжікстан аумағы арқылы Ауғанстаннан жеткізілетін зиянды өнімнің тағы да бір контрабандалық халықаралық тұрақты арнасына тосқауыл қойылды», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Бұл қылмысты дайындап оған қатысы бар деген күдікпен ұйымдасқан қылмыстық топтың үш мүшесі құрықталды. Ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында Душанбе қаласының, Хатлон, Согдий облыстарының тұрғындары бар. Тәжікстанның ЕБА тергеу бөлімі биылғы жылдың 12 мамырында Тәжікстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 200 бабының 4 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Бұл қылмысқы қатысы бар деген күдікпен құрықталған адамдар ЕБА уақытша тергеу қапасына қамалды.
Бүгінгі күні ұйымдасқан қылмыстық топтың бостандықта жүрген басқа мүшелерін анықтау үшін шұғыл іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті