Алматы қаласында II -ші Орталық Азиялық "KAZAGROFOOD - 2008" жеміс-көкөніс форумы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласында II -ші Орталық Азиялық "KAZAGROFOOD - 2008" жеміс-көкөніс форумы өтеді

Алматы қаласында II -ші Орталық Азиялық "KAZAGROFOOD - 2008" жеміс-көкөніс форумы өтеді

Астана. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласында 2008 жылғы мамырдың 28-29-ы күндері II -ші Орталық Азиялық "KAZAGROFOOD - 2008" жеміс-көкөніс форумы өтеді, деп хабарлайды агенттік ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 15 Мамыр 2008
  • 387
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, шара ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі, индустрия және сауда министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі мен «ҚазАгро»Ұлттық холдингі» АҚ ресми қолдауымен өтеді.

Форумды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің еншілес кәсіпорыны — «Қазагромаркетинг» Акционерлік қоғамы, ҚР индустрия және сауда министрлігінің Сауданы реттеу жөніндегі комитеті ұйымдастырады.

«Орталық Азия аймағы елдері жеміс-көкөніс саласының рыногын дамыту» тақырыбында өтетін конференцияның сессиялық отырыстары мәселені жан-жақты талқылайды. Форумда Қазақстанның жеміс-жидек бизнесін дамытудың тиімділігін арттыратын жаңа технологияларды дамытудың әлеуеттік мүмкіндігі мен саладағы технологиялардың проблемалық мәселелері назар төріне алынады, деп хабарлайды мекеме.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті