Байқоңырда "Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы кораблі мен "Союз-У" зымыран тасығышы cәтті ұшырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы кораблі мен "Союз-У" зымыран тасығышы cәтті ұшырылды

Байқоңырда "Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы кораблі мен "Союз-У" зымыран тасығышы cәтті ұшырылды

Байқоңыр. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы кораблі мен "Союз-У" зымыран тасығышы сәтті ұшырылды, деп хабарлайды агенттік ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 15 Мамыр 2008
  • 422
Фото - Caravan.kz

«Прогресс М-64» жүк тасымалдаушы кемесі «Союз-У» зымыран тасығышының көмегімен Халықаралық ғарыш станциясына №1 алаңның №5 ұшыру қондырғысынан 15 мамыр күні Астана уақытымен 02 сағат 22 минутта (Мәскеу уақытымен 00 сағат 22 минут) штаттық режимде ұшырылды.

«Прогресс М-64″ ЖТК ұшу циклограммасына сәйкес ол зымыран тасығышының үшінші сатысынан бөлініп, белгіленген параметрлермен ғарышқа шықты. Прогресс М-64» жүк тасымалдаушы кемесі Халықаралық ғарыш станциясымен 17 мамырда Мәскеу уақытымен 01 сағат 37 минутта түйістірілуге тиіс.

«Прогрестердің » ЖТК 2008 жылға Халықаралық ғарыш станциясына жоспарланған бес ұшырылымның екіншісі.

«Прогресс М-64» жүк тасымалдаушы кемесі Халықаралық ғарыш станциясына шамамен 2,5 тонна жүк жеткізеді. Онда «Родник» жүйесіндегі бактарына құйылған 420 келі су, 50 келі ауа мен баллондардағы оттегі, ғарыш станциясын қолдау үшін 1,23 тонна отын, 258 келі азық-түлік, 126 келі медициналық қамтамасыздық құралдары, 128 келі санитарлық-гигиеналық құралдар, ғылыми құрал -жабдықтар, «Сокол КВ-2» скафандрі, Халықаралық ғарыш станциясына 8 сәуірде ұшқан 17 экспедиция экипажының шығындық материалдары.

Ғарышкерлерге арналған азық-түліктің ішінде көкөністер, жеміс-жидек, сондай -ақ туған туыстарының сәлем-сауқаты жіберілді.

Сондай-ақ, ғарыштық жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 90 грузин ұлуын жеткізеді. Оларды вестибулярлық аппарат пен ұлпа жасушасының регенерациясына салмақсыздықтың етер әсері бойынша тәжірибеден өткізетін болады.

Бұл Халықаралық ғарыш станциясына жол тартқан «ғарышкер ұлулардың» жетінші экспедициясы. Ресей ғылым академиясының медициналық-биологиялық проблемалар институты оларға қатысты үш жылдан бері зерттеу жүргізуде.

Ұлулар ғарышта жарты жыл болып, қазір станцияда жұмыс істеп жатқан ресейлік ғарышкерлер Сергей Волковпен және Олег Кононенкомен бірге Жерге қайта оралады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті