Қазақстан мен Индонезия бірлескен үкіметаралық комиссия құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Индонезия бірлескен үкіметаралық комиссия құрады

Қазақстан мен Индонезия бірлескен үкіметаралық комиссия құрады

Астана. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Индонезияның сыртқы істер мистрлері Марат Тәжин мен Хасcан Вираюда бірлескен үкіметаралық комиссия құру жөнінде келісті. Бұл туралы кездесу соңындағы брифингте ҚР сыртқы істер министрі М. Тәжин мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 15 Мамыр 2008
  • 538
Фото - Caravan.kz

Келіссөздер кезінде тараптар әртүрлі салалардағы ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен қазіргі замандағы халықаралық қатынастардың өзекті проблемаларын талқыға салды. Атап айтқанда, транзиттік-транспорттық, туризм, білім беру, сондай-ақ, мемлекеттер арасындағы саудалық-құқықтық базаның дамуы саласындағы өзара іс-қимылдар мәселесі қаралды.

«Екі ел арасындағы саяси диалог оң дамып келеді. Дегенмен біз экономикалық салада бұдан да тығыз ынтымақтассақ деп едік», — деп атап көрсетті өз кезегінде Индонезияның сыртқы істер министрі.

М. Тәжин қонақты ағымдағы жылдың күзінде Астана қаласында өтетін Қазақстанның мұсылман және батыс елдерінің сыртқы істер министрлерінің «Ортақ әлем: әралуандылық арқылы өркендеу» форумын шақыру бастамасымен таныстырды және оның жұмысына қатысуға шақырды.

Кездесу аяғында тараптар сыртқы істер министрлері арасындағы келісімдер жөніндегі хаттамаға қол қойды.

Естеріңізге сала кетсек, бұл Индонезия сыртқы істер министрінің Қазақстанға жасаған алғашқы сапары болып табылады. Х. Вираюда Алматыда 16 мамырда өтетін бірлескен бизнес-форумға қатысады деп күтілуде.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, республикалар арасындағы тауар айналымы 2006 жылы 24 млн АҚШ долларынан асса, 2007 жылы 34 млн долларды құраған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті