БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун даму және ауылшаруашылық министрлері және тағы да басқа мемлекеттер делегациялары басшыларын азық-түлік дағдарысына назар аударды. Ол мәлімдегеніндей азық-түлік дағдарысы халықаралық қауымдастықтың ауылшаруашылығына қажетті назар аудармағандығының кесірінен туындап отыр.
БҰҰ басшысы атап өткеніндей, соңғы уақытта ауылшаруашылық өндірісінің дамуы тежеліп қалды, ал егіндік жерлер тозып кетті. Мемлекеттік инвестициялардың көбінесе ауылшаруашылықтың дамуына тосқауыл қою мақсаттарында пайдаланылды.
«Біз экологиялық шығындары төмен болатын өнімді тұрақты түрде ұлғайтуға, ауылшаруашылығын көтеруге бағытталған екінші жасыл төңкеріс жасауға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар мен амалдарды бірлесе отырып дайындауымыз керек. Бұл мыңжылдық дамуының мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосатын болады «, -деп атап өтті БҰҰ Бас хатшысы.
Пан Ги Мун министрлерге хабарлағанындай, екі апта бұрын БҰҰ мекемеаралық топ құрылып, оларға әлемдік дағдарысты еңсеруге бағытталған шараларды дайындау тапсырылды. Ол биоотын өндірісін шығару үшін пайдаланылатын ауылшаруашылық өнімдері көлемінің ұлғайтылуына орай туындайтын тәуекелдерді жіті зерттеуге, сондай-ақ ауылшаруашылық өндірісін әсіресе Африка құрлығында ұлғайтуды қолға алуға шақырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті