Депутаттар "Қазақстан халқы ассамблеясы туралы" заң жобасын жасады - Дьяченко - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутаттар  "Қазақстан халқы ассамблеясы туралы" заң жобасын жасады - Дьяченко

Депутаттар "Қазақстан халқы ассамблеясы туралы" заң жобасын жасады - Дьяченко

Астана. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Депутаттар "Қазақстан халқы ассамблеясы туралы" заң жобасын жасады. Бұл туралы "Әлеуметтік- саяси модернизациялаудың Қазақстандық жолы" атты дөңгелек үстел барысында Қазақстан парламенті мәжілісінің вице-спикері Сергей Дьяченко мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 15 Мамыр 2008
  • 528
Фото - Caravan.kz

«Парламент сенаты мен мәжілісінің бір топ депутаты заңнамалық бастама тәртібімен «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы» заң жобасын жасады. Оны қарап қабылдау отандық ұлтаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісім моделін одан әрі жетілдіруге септігін тигізеді деп сенемін», — деді С. Дьяченко.

Оның пікірінше, Қазақстан халқы ассамблеясына конституциялық мәртебе беру «ассамблеяның өз құрылымын және жалпы еліміздегі ұлтаралық қарым-қатынастар институтын дамытуға жаңа қадам болды». » Қазақстан халқы ассамблеясының құқықтық мәртебесі бірінші кезекті оның Қазақстан қоғамындағы топтастырушы функцияясын білдіреді», — деді вице-спикер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті