Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасау күн тәртібін қазір айқындап алуы қажет - сарапшы - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасау күн тәртібін қазір айқындап алуы қажет - сарапшы

Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасау күн тәртібін қазір айқындап алуы қажет - сарапшы

Астана. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасау күн тәртібін қазір айқындап алуы қажет. Бұл туралы "Әлеуметтік- саяси модернизациялаудың Қазақстандық жолы" атты дөңгелек үстел барысында Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының мүшесі, халықаралық құқық профессоры Марат Сәрсенбаев пікір білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 15 Мамыр 2008
  • 489
Фото - Caravan.kz

«2010 жылға дейін әлі де алыс, күн тәртібіне қатысты асығуға болмайтындай көрінгенімен, меніңше, ерте бастан қамдану керек. Өйткені, егер біз өз үйімізде және қазір өзара ақыл қоса отырып, күн тәртібін айқындап алмасақ, артынан ЕҚЫҰ аппараты мен ұйымға мүше кейбір жетекші елдер белгілеп салып берген тораппен жүретін боламыз», — деді М. Сәрсенбаев.

Оның пікірінше, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасау күн тәртібіне ядролық қаруы жоқ елдердің қару-жарақ таратпау жөніндегі режимді бұзуы, өңірлік және әлемдік экономикалық және қаржылық дағдарыстарға қарсы тұру және алдын алу шаралары туралы мәселелерді енгізу керек.

«Кейінгі жылдары пайда болған қарама-қайшылықтарды есере отырып, христиан және мұсылман өркениеттері арасындағы қарым-қатынас мәселесін талқылауға болар еді», — деді сарапшы.

«Бұл күн тәртібінде сонымен бірге еуразиялық ынтымақтастық, қылмыспен күрес саласындағы, соның ішінде экстрадициялау проблемасы бойынша халықаралық жақын ынтымақтастық мәселелері де болғаны ләзім», — деді М. Сәрсенбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті