«Қазір Әділет министрлігі «Тұрғылықты жерінде тіркелу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын жасауда», — деді А. Шпекбаев.
Оның айтуынша, аталған заң жобасында «азаматтарға бұрынғы тіркелген жерінен есеп пен тіркеуден шыққан сәтінен бастап үш айдың ішінде тұрғылықты жері бойынша тіркеуге тұру міндеттемесі қарастырылған».
Сондай-ақ, «үйде тұратындарды санитарлық нормаға сәйкес шектеу қарастырылған, ол халықтың ішкі көші-қоны процестерін ретке келтіруге мүмкіндік береді «.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті