Қытайдың Сычуань провинциясында жер сілкінісі қайталанды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайдың Сычуань провинциясында жер сілкінісі қайталанды

Қытайдың Сычуань провинциясында жер сілкінісі қайталанды

Алматы. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Вэньчуань уезіндегі Инью қаласында қатты болған жер сілкінісі қайталанды. Бұл аудан Сычуань провинциясында жуырда болған зілзаладан қатты зардап шеккен аймақтардың бірі, деп хабарлайды агенттік "РосБизнесКонсалтинг" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 15 Мамыр 2008
  • 464
Фото - Caravan.kz

Жер дүмпуінің күші Рихтер шкаласымен 5-6,1 баллаға жетті. Сейсмологтар 18 жер дүмпуін тіркеген, деп айтылған хабарламада.

«Синьхуа» агенттігі хабарлағанындай, сейсмикалық белсенділік салдарынан жақын тұрған таудан тастар құлап бірқатар үйлерді бұзған. Зардап шеккендер туралы ақпарат келіп түскен жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, 12 мамырда таңертең Сычуань провинциясының (Қытайдың оңтүстік батысы) Вэньчуань уезінде болған зілзала жер үстінен 29 шақырым тереңдікте, солтүстік батыста орналасқан астанасы Чэнду астанасынан 92 шақырым қашықтықта болған. Оның күші Рихтер шкаласы бойынша 7,8 баллға жетті. Бұл соңғы 32 жылда аумақта болған ең күшті зілзала болып, ауданның айтарлықтай бөлігінде ғимараттар бұзылды.

Қытайдың оңтүстік батысында болған жер сілкінісі кезінде 14 мың 866 адам құрбан болып, мыңдаған адамдар үйінділердің астында қалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті