Ал оған бағынған Теміртаудың Ішкі істер департаментінің тергеушісі Павел Дубасов бір жылғы бас бостандығынан айырылып, жазасын жалпы режимдегі колониясында өтейтін болды. Полиция қызметкерлеріне аса ірі көлемде пара алды және оқ- дәрі сақтады деген айып тағылды.
ІІМ тергеу тобының жетекшісі Е. Тұрымбаев, «Арселор Миттал Теміртау» комбинатынан металл өнімдерінің ұрланғанына байланысты қозғалған үш қылмыстық істің біріуін тоқтату үшін $100 мың мөлшерінде пара алмақшы болған. Бірақ Теміртауда $35 мың пара алу кезінде оларды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері құрықтады.
Полиция қызметкерлерін қолға түсіру кезінде олардың көлігі ішінен АК 47 автоматының бір бума оқ- дәрісі табылды.
Тергеу кезінде белгілі болғанындай алынған ақшаның бір бөлігі Теміртау және Астанада отырған жоғары лауазымды шенеуніктерге арналған болатын.
Сот барлық дәйектерге сүйене отырып Е. Тұрымбаевқа қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 311-бабы (пара алу), ал П. Дубасовке ( пара алу кезіндегі делдал) 311- бап, 313-баптың 5-тармағына өзгертіліп қолданылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті