Келісім аумақтағы жаңа қауіп-қатерге қарсы тұруға төтеп беру жөніндегі күштерді үйлестіру және әскери саласындағы сенімділік шараларын одан әрі нығайтуға бағытталған.
» Кеңес қорытындысы бойынша қабылданған бірлескен коммюникеде әскери саласындағы мүше мемлекеттер арасындағы өзара ықпалдастық және диалогты кеңейтудің жалпы талпынысы көрсетілді, сондай-ақ ұйым аясында ынтымақтастықтың тиімділік жолдары айқындалды», — деді кеңестің қорытындысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Тәжікстанның қорғаныс ведомствосының басшысы, генерал-полковник Шерали Хайруллоев.
«Осы уақытқа дейін бізде бірыңғай ынтымақтастықтың халықаралық ұзақ мерзімді нормативтік актісі болған жоқ, қол қойылған келісім белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін күш жұмсауға шақырады «, — деп атап өтті Ш. Хайруллоев.
Қорғаныс ведомствосының басшысы атап өткеніндей, қауіпсіздікті бірлесе отырып одан әрі күшейту үшін ШЫҰ мүше мемлекеттердің қорғаныс ведомстволарының тығыз ынтымақтастығын дамытуды көздейді. Сондай-ақ, аумақтарда төтенше жағдайлар туындағанда оларға шұғыл әрекет етудің тетіктері мен шараларын дайындау керек.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті