«Біз Ауғанстан жағдайын қарастырдық. Ол жерден есірткі қаупі де, лаңкестік қаупі де төніп тұр. Біз осы елді тұрақтандыру бойынша халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін қолдаймыз. Және қабылданып жатқан шараларға қосымша ретінде барлық қызығушылық танытқан тараптардың қатысуымен және Біріккен Ұлттар Ұйымының үйлестіруші рөлін пайдалану арқылы есірткі қауіпсіздігі шеңберін құру шараларын қабылдауды пайдалы санаймыз», — деп хабарлады С. Лавров.
Ауғанстаннан төніп тұрған лаңкестік қаупіне қатысты, С. Лавров, Екатеринбургтегі кездесуге қатысқандардың барлығы да БҰҰ туының астында лаңкестікпен күрес конвенциясына қатысты жұмыстардың жеделдетілуін қолдайды деп атап көрсетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті