Республикалық бюджеттік комиссия Қазақстанның 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімдік әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республикалық бюджеттік комиссия Қазақстанның 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімдік әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын мақұлдады

Республикалық бюджеттік комиссия Қазақстанның 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімдік әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын мақұлдады

Астана. 16 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов төрағалық еткен Республикалық бюджеттік комиссияның оныншы отырысы барысында Қазақстанның 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімдік әлеуметтік-экономикалық даму жоспары, сондай-ақ, 2008 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау параметрлері мақұлданды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Мамыр 2008
  • 588
Фото - Caravan.kz

«Күн тәртібіне сәйкес, Республикалық бюджеттік комиссияның отырысында 2008-2010 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспары, 2008-2010 жылдарға арналған ҚР Үкіметінің орта мерзімді фискалдық саясаты мен 2008 жылғы республикалық бюджеттің нақтылау параметрлері қарастырылып, мақұлданды», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Отырыста мемлекеттік органдарға Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне шығындардың аталған бағыттары жөніндегі барлық қажетті есептер мен негіздемелерді ұсыну тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті