Біріккен Ұлттардың азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының мәліметтері бойынша әлемдік бағалардың сәуір айындағы индексі азық-түліктің негізгі 55 түрі, соның ішінде қант және ұн бағасы аздап болса да төмендеді. Азық-түліктің әлемдік индекс бағалары орта есеппен наурыз айында 217 пунктке, ал сәуірде 216,7 төмендеді. Бұған дейін соңғы 12 айда оның құны 52 % көтерілген болатын.
Бағалардың тұрақтану үрдісі мамыр айының екі аптасында да байқалды. Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының қызметкері Абдулрез Абасян БҰҰ радиосына берген сұхбатында айтқанындай, әлемдік нарықта азық-түлік бағасының тұрақтануы үшін уақыт қажет.
«Бағалар аздап төмендеуі мүмкін. Олар күрт құлдырап, төменгі деңгейге түспейді. Алайда, туындайтын кез келген жағдайлар мен мәселелер олардың шарықтауына түрткі болуы мүмкін. Сондықтан, өкінішке орай жағдай толық тұрақтануы үшін бір жылдай уақыт керек», — деп мәлімдеді А. Абасян.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті