«Бұл хат арқылы «КЕГОК»АҚ «Шығысэнерготрейд» ЖШС-ін электр қуатын жіберуге шектеу енгізу мерзімі 16 мамыр күні Астана уақытымен 12 сағатқа ауыстырылғанынан хабардар еткенін құлағдар етеміз. Бұл шектеулер облыстағы елдімекендерде электр қуатын ауық-ауық үзуге алып келмек, соның салдарынан тұтынған электр қуаты үшін төлемді дер кезінде төлеп келген тұтынушылар зардап шегеді, ал олар халықтың басым бөлігі», — делінген хатта.
«Шығысэнерготрейд» ЖШС-іне тұтынған электр қуаты бойынша басты берешек кәсіпорындар 2008 жылдың 16 мамырындағы жағдаймен «Теплокоммунэнерго» ҚКК (берешегі 43 087 702,71 теңге) және «Семей-Водоканал»ҚКК (берешегі 60 215 840, 7 теңге) болып табылады.
» «Шығысэнерготрейд» ЖШС аталған кәсіпорындардың электр қуатын тұтынуына шектеу қоюға мәжбүр», — делінген хатта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті