Маңғыстау облысы үнді бизнесінің өкілдерімен екіжақты ынтымақтастықты дамытуда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысы үнді бизнесінің өкілдерімен екіжақты ынтымақтастықты дамытуда

Маңғыстау облысы үнді бизнесінің өкілдерімен екіжақты ынтымақтастықты дамытуда

Ақтау. 16 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Үндістан Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ашок Саджанхардың Маңғыстау облысына жасаған үш күндік сапары аясында Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаевпен кездесу болып өтті, онда екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бұл жөнінде "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Мамыр 2008
  • 422
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, кездесуде Маңғыстау облысында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларға Үндістан бизнесінің қатысу мүмкіндігі талқыланды.

Сапар аясында елші Түпқараған ауданының Баутино кентіндегі «Теңізсервис» ЖШС мен «АДЖИП ККО» теңіз мұнай операцияларын қолдау базасына барды. Ол Қарақия ауданындағы «ЕРСАЙ Каспиан Контрактор» компаниясының «Каспий верфінде» болды.

Сондай-ақ, Үндістанның Қазақстандағы елшісі Ақтау халықаралық теңіз сауда портының қызметімен танысып, Каспий машина жасау зауыты мен «ArcelorMittal» Ақтау зауытының құбыр зауытында болды.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Маңғыстау облысының аумағында «Бозашы Оперейтинг Лтд.» мен «Арман» компанияларының екі мұнай жобасында Үндістанның «Mittal Investment» компаниясы бірге әрекет етеді. Ол осы жобаның әрқайсысына 25 пайыздық үлес арқылы қатысады. Сондай-ақ, Үндістан бизнесі «ArcelorMittal Актау» зауытына үлес қосқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті