Прокуратура шетел компанияларында ҚР заңдарының бұзылғанын анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Прокуратура шетел компанияларында ҚР заңдарының бұзылғанын анықтады

Прокуратура шетел компанияларында ҚР заңдарының бұзылғанын анықтады

Орал. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысында жұмыс жасайтын шетел компанияларында еңбек заңнамасы мен Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтары бұзылуда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасай отырып.

  • 19 Мамыр 2008
  • 655
Фото - Caravan.kz

Батыс Қазақстан облысының прокуратуралық органдары шетелдің қатысуымен құрылған компаниялардағы (ірі бизнес субъектілері) Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғау бойынша еңбек және халықты жұмыспен қамту заңының орындалуына тексеру жүргізген. «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» компаниясында Қазақстан мамандарының шетелдіктермен бір лауазымда және бірдей функционалдық міндеттемелерге ие бола отырып, шетел азаматтарынан айлықты аз алған оқиғалары анықталды», — деп хабарлады Батыс Қазақстан облыстық прокурорының аға көмекшісі Айгүл Жамансариева.

Сондай-ақ, А. Жамансариеваның айтуынша, сол компанияда рекрутинг агенттіктері арқылы жұмысқа тартылатын шетел мамандары тізімде көрсетілген мамандықтарға сәйкес келмейтін қызметтерді иеленіп отыр.

Прокуратураның хабарлауынша, жұмысшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту тәртібі шетел компанияларында көбінесе сақталмайды. Ауыр өндіріске тартылған және зиянды еңбек жағдайымен жұмыс істейтін жұмысшыларға жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысы ұсынылмайды. Еңбек демалысының ақысы кешіктіріледі. Еңбек шартын бұзған кездерде жалақы бойынша есептерді төлеуді кешіктіру оқиғалары тіркелген.

А. Жамансариева сонымен бірге, тиісті рұқсат берілместен шетел мамандарының еңбек қызметін атқару оқиғалары орын алғанын хабарлады.

«Анықталған заң бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 394-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды және талқыға салу үшін Батыс Қазақстан облысының Бөрілі аудандық арнайы әкімшілік сотына жіберілді», — деп хабарлады А. Жамансариева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті