Қазіргі уақытта Қазақстанның түзеу мекемелерінде 34 мешіт пен шіркеу қызмет етуде - Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазіргі уақытта Қазақстанның түзеу мекемелерінде 34 мешіт пен шіркеу қызмет етуде - Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің басшысы

Қазіргі уақытта Қазақстанның түзеу мекемелерінде 34 мешіт пен шіркеу қызмет етуде - Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің басшысы

Астана. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазіргі уақытта Қазақстанның түзеу мекемелерінде 34 мешіт пен шіркеу қызмет етеді. Бұл туралы жұма күні өткен 2009 - 2011 жылдарға арналған Адам құқықтары саласындағы іс-әрекеттердің ұлттық жоспары жобасының дайындығы жөніндегі жұмыс тобының отырысы барысында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Мейрам Аюбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 19 Мамыр 2008
  • 653
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі уақытта Қазақстанның түзеу мекемелерінде 34 мешіт пен шіркеу, әртүрлі конфессиялардың 145 құдайға жалбарыну бөлмелері қызмет етеді», — деді М. Аюбаев.

«Күдіктілер мен сотталғандарға мүмкіндік бойынша діни жоралғыларға арналған бөлмелерде және олардың діни салттарына сәйкес діни жоралғылар жасауға мүмкіндік береді», — деп атап көрсетті ол.

Сонымен қатар, Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің басшысының мәліметтеріне сүйенсек, қылмыстық атқару жүйесінің мекемелерінде жалпы білім беретін 51 мектеп жұмыс істеуде. Онда орта білім алмаған 6149 сотталушы оқып жатыр. «Бас бостандығынан айыру орындарында ұйымдастырылған орта білім беру жүйесі сотталушыларға босап шыққаннан кейін білім алуды жалғастыруға мүмкіндік береді», — деп сөзін түйді М. Аюбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті