І. Омаров атап көрсеткендей, жиналыста төрағалар сот саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамыту перспективасын талқылап, соттардың экологиялық заңдарды қолдану проблемасын, сондай-ақ, соттардың халықтың көші-қоны саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылайды.
Сонымен бірге, СІМ хабарлауынша, Астанада 19 мамырда «Шанхай ынтымақтастығы ұйымы — өңірлік ынтымақтастықтың қазіргі үлгісі» тақырыбында парламенттік дөңгелек үстел өткізу жоспарланған. Оған ШЫҰ-на мүше және бақылаушы елдердің елшілері, мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ, Қазақстанның ғылыми ортасының өкілдері қатысады.
«Аталмыш шара барысында өңірдегі қауіпсіздіктің өзекті мәселелері, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басым бағыттары, ШЫҰ кеңею перспективасы қаралатын болады», — деп толықтырды баспасөз хатшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті