Қазанда 16 мамырда ауруханаға жатқызылған Айтматовтың жағдайы жақсарып келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазанда 16 мамырда ауруханаға жатқызылған Айтматовтың жағдайы жақсарып келеді

Қазанда 16 мамырда ауруханаға жатқызылған Айтматовтың жағдайы жақсарып келеді

Бішкек. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазанда 16 мамырда ауруханаға бүйрек ауруымен жатқызылған белгілі қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың жағдайы жақсарып келеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі РФ Қырғызстан Республикасының елшілігіне сілтеме жасай отырып.

  • 19 Мамыр 2008
  • 360
Фото - Caravan.kz

Президент Қ. Бакиевтың тапсырмасымен сол күні Қазанға жол тартқан Қырғызстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Райымқұл Аттақұровтың ақпараты бойынша, бүгінгі кезде Қазанның республикалық клиникалық ауруханасында Татарстанның жетекші дәрігерлері Ш. Айтматовқа кешенді ем-дом жасауда.

Р. Аттақұров хабарлағанындай, Ш. Айтматовтың жағдайы жақсарып келеді, ол ұлы Эльдармен сөйлескен. Әңгіме кезінде ол бұдан бұрын белгіленген кездесулерге қатыса алмағаны үшін сапар ұйымдастырушылары мен оның талантына бас иетіндері алдында кешірім сұрауды өтінді.

Р. Аттақұров хабарлағанындай, президент Қ.Бакиев пен жазушы өзара телефон арқылы сөйлесіп, ол Айтматовтың денсаулығын сұрап, оған тез айығып кетуді тіледі. Жазушының жағдайын білу үшін сондай-ақ, Татарстанның вице-премьері, мәдениет министрі Зиля Валеева келіп кетті.

Ш. Айтматов Қазанға «И дольше века длится день» атты деректі фильмді түсіру үшін келген. Бұдан басқа ол Татарстанның президенті Минтимер Шаймиевпен , анасы жағынан туыс болып келетін ағайындарымен кездесуі жоспарланған болатын. Сапар барысында оның Ишман руының өкілдері мен ата бабалары жерлерген Маскара және Бурбаш ауылдарына баруы көзделген. Сондай-ақ, Қазанның үлкен концерттік залында оның талантына бас иетіндермен қауышу кеші өткізілмекші болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті