«Жанар- жағар май мәселесі аса күрделі», — деп мәлімдеді Н. Алдабергенов, депутаттардың тиісті сауалдарына жауап бере отырып.
Ол атап өткеніндей, бүгінгі кезде жанар-жағар май нарығын реттеу мәселесі бәсекелестікті қорғау агенттігінің құзырында .
«Менің пікірімше, біздегі бар тәжірибе бойынша мұнайды шығару құнына қарап, оны өңдеу зауыттарына дейін тасымалдау бағасын есептеп шығару керек «, — деді Н. Алдабергенов.
«Одан кейін тұтынушылар арасында таратылады. Тұрақталған тәжірибе бойынша олар оны делдалдар болып отырған өздерінің аффилиирлік компанияларына тапсырады», — деп түсіндірді ол.
«Бұл менің болжамдарым, көбінесе баға ымыраласа белгіленіп, бір бағаны ұстап тұруға бағытталған келісілген іс қимылдар қолға алынып, кейбір заң бұзушылықтарға жол беріледі «, -деп атап өтті ТМРА басшысы.
Сонымен қатар оның пікірі бойынша,»нарықты жанар- жағармаймен қамтамасыз ету мәселесіне назар аудару керек».
«10 пайыз көлеміндегі кез келген тапшылық бір мезетте бағаның өсуіне әкеледі. Бұл жағын жергілікті атқарушы органдар бақылауы керек «, — деді Н. Алдабергенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті