«Егер бұл мәселе заңнамалық тұрғыда тиісінше реттелмесе, жекелеген табиғат пайдаланушылар бұл проблемаларды шешу үшін сыбайлас жемқорлық тәсілдерін пайдаланып, заңды айналып өтуге тырысуы мүмкін.. Проблеманы түбегейлі шешу үшін Салық кодексінен қоршаған ортаға шығарған шектеуден жоғары эмиссия үшін төлем ставкасын 10 есе ұлғайту жөніндегі норманы алып тастау қажет», — деді В. Борисов.
Оның түсіндіруінше, «ҚР Салық кодексінің 462-бабында қарастырылған қоршаған ортаға шығарған шектеуден жоғары эмиссия үшін төленетін міндентті салық төлемдері салық төлемдерінен гөрі әкімшілік санкцияға ұқсас».
«Ставканы бірнеше есе ұлғайту жөніндегі шаралар Салық кодексінің аталған бабы мен 454-ші бабында бар, бұл заң шығарушының бұл нормаларға деген айрықша көзқарасын паш етеді, оның мәні құқықтық тұрғыда теріс әрекет үшін төлем ставкасын ұлғайтуға саяды», — деді Жоғарғы сот өкілі.
«Қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес салық төлемінің ұлғайтылған көлемінің құқықтық табиғаты экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік шарасы болып табылады, яғни, ол санкцияның жасырын түрі деген сөз. Сол арқылы салық заңнамасы әкімшілік құқықтың реттеу аясына еніп кетеді, ал оған жол беруге болмайды», — деді ол.
Мұндай тәжірибе, В. Борисовтың мәліметінше, «қоршаған ортаға белгіленген шектеуден жоғары көлемде эмиссия шығарудың бір ғана дерегі үшін арнаулы табиғат пайдаланушының үш мәрте төлем төлеуіне алып келеді». «Ол біріншіден, төлем ставкасын 10 есе ұлғайта отырып міндетті салық төлемдерін төлейді, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның, немесе, прокурорлардың шағымы бойынша одан ұлғайту коэффицентімен материалдық шығын көлемі өндіріп алынады, үшіншіден, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган оған эмиссия көлемі артқан жағдайда қоршаған ортаға эмиссия шығарғаны үшін төлем ставкасының 1000 проценті көлемінде әкімшілік жауапкершілік жүктейді», — деді ол.
«Салық кодексінің жобасын жасаушылар табиғатты пайдаланушының заңға қайшы әрекетіне лайықты жазаны табу талпынысымен оның нормаларын төлем ставкасын бірнеше есе ұлғайтуға қате бейімдегені айқын», — деді судья. Сондай-ақ, оның пікірінше, Салық кодексінен салық заңнамасымен реттелетін экологиялық рұқсаттар беру мен рәсімдеу, қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялардың нормативін белгілеу, сондай-ақ, экологиялық заңнаманы бұзушыларға шара қолдану мен осындай заң бұзушылықтарды айқындау нормаларын алып тастау қажет.
«Бұл мәселелерді Салық кодексі реттеуге тіис емес», — деді В. Борисов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті