«Нақты мерзім белгіленіп, есептегіш құралдарды пайдалана отырып субъектілермен есептесін отыратын тұтынушылар көлемін ұлғайту жөніндегі жұмыстарды жандандыру жағдайы бүгінгі кезде мәз емес», — деп мәлімдеді Н. Алдабергенов.
Ол еске салғанындай, «Табиғи монополиялар туралы» заңына сәйкес есептегіш құралдар 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін қойылуы тиіс. 2008 жылдың 1 сәуіріндегі жағдаймен Алдабергеновтың мәліметтері бойынша, республика бойынша үйге қойылатын жылу қуатын есептегіш құралдарымен қамтамасыз ету көрсеткіші 14 пайызды құрайды. «Аумақтардың көпшілігінде орнатылған құралдар 2 — 3% құрайды», — деп атап өтті ол.
Суық суды есептегіш жеке меншік құралдары 57 пайызға қамтамасыз етілген болса, ыстық суға орнатылған жеке есептегіш құралдары 52% құрайды.
Н. Алдабергенов атап өткеніндей, ТМРА жасаған сараптық қорытындылары бойынша «төлемдер көлемі 20-40 пайызға дейін төмендеп, тұтынушылар үшін тиімді болады».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті