«Мемлекет басшысының айтқанын ескере отырып біз Астана күніне алыс және жақын шетелдерден 10 елдің мемлекет басшысы мен ТМД елдерінің 100 өңірлік басшылары қатысады деп жоспарлап отырмыз», — деді әкім. Оның нақтылауынша, қазіргі жағдаймен Тәжікстан, Түркия, Египет президенттері, Иордания королі, сондай-ақ, Түрікменстан үкімет басшысының орынбасары мен бірқатар қалалардың басшылары қатысады.
Жалпы алғанда, И. Тасмағамбетовтың айтуынша, Астананың мерейтойын тойлауға байланысты шаралар шілленің 1 мен 6 аралығында өтеді. «Басты іс-шаралар 4,5 және 6 -шілде — жұма, сенбі және жексенбіге сәйкес келеді». Осы күндері Қазақстанның барлық өңірлерінен келген өнер шеберлерінің «Астанаға деген махаббатпен» атты жалпы концерті мен «Мәскеуден махаббатпен» атты концерт және басқа да шаралар өтеді. 6 шілдеде қаланың басты алаңында президенттің «Ақ орда» сарайының алдында «Астанаға махаббатпен» атты қойылым-феерия өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті