Қазір салалық реттегіштердің іс-қызметіне қатысты мәселелер бойынша заң жобасы жасалуда, онда кәсіпорындарға нормативтен тысқары шығындарды жоюға бағытталған шараларды дәйектеуді міндеттейтін норма қарастырылады», -деді Н. Алдабергенов.
«Сіздерден өтінеріміз : біз кешікпей сіздерге келіп, заңда нормативтен тысқары шығындардың болғаны үшін жауапкершілік қарастырумыз қажет», -деді ол.
Н. Алдабергеновтың мәліметінше, қазір нормативтен тысқары шығындардың деңгейі «электр желілерде 20%, жылу желілерінде — 30% жетеді».
«Мәселен, тек қана бес ірі табиғи монополиялық субьектінің электр желілерінде нормативтен тысқары шығындардың жалпы көлемі 1 млрд 800 млн теңгеден асады», -деді ол.
Алты ірі табиғи монополиялық субьектінің жылу желілеріндегі нормативтен тысқары шығындардың жалпы көлемі «2 млрд 850 млн теңгеден асады».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті