Түрікменстан мен Әзербайжан президенттері Бакуде келіссөздер жүргізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түрікменстан мен Әзербайжан президенттері Бакуде келіссөздер жүргізеді

Түрікменстан мен Әзербайжан президенттері Бакуде келіссөздер жүргізеді

Ашхабад. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Түрікменстан мен Әзербайжан президенттері Гурбангулы Бердымухаммедов пен Ильхам Әлиев Бакуде келіссөздер жүргізеді. Бұл туралы агенттік тілшісіне Түрікменстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 19 Мамыр 2008
  • 550
Фото - Caravan.kz

Екі елдің көшбасшысы екі жақты ынтымақтастықтың кең көлемді мәселелерін, соның ішінде энергетика жайын талқылайды. Мұнайгаз саласында бірлескен барлау жұмыстарын жүргізу, Түрікменстан мен Әзербайжанның теңіздегі кеніштерінің инфрақұрылымдарын біріктіру туралы да талқыланбақ.

Түрікменстан президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тәуелсіздік жылдарында Ашхабад пен Баку мемлекетаралық, үкіметаралық және мекемеаралдық деңгейде 33 екі жақты құжатқа қол қойды. 2007 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы $98,1 млн құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті