Әзербайжан мен Түркіменстан президенттері кездесу өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжан мен Түркіменстан президенттері кездесу өткізді

Әзербайжан мен Түркіменстан президенттері кездесу өткізді

Баку. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесу өткізді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Әзербайжан президентінің әкімшілігіне сілтеме жасай отырып.

  • 20 Мамыр 2008
  • 390
Фото - Caravan.kz

«Кездесу барысында әзербайжан-түркімен қатынастарының даму болашағы мен осы процестің белсенділігін арттыруда мемлекет басшыларының кездесуінің алар орыны атап өтілді. Тараптар Түркіменстан басшысының Әзербайжанға осы жолғы сапары екіжақты байланыстардың нығаюына септігін тигізетініне сенім білдірді», — деп атап көрсетті Әзербайжан басшысының әкімшілігі.

Президенттер сондай-ақ, халықаралық саясат пен өңірлік ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Енді келіссөздер кеңейтілген құрамда өз жалғасын табады.

Сапар барысында сондай-ақ, екіжақты әртүрлі салалардағы ынтымақтастық құжаттарына қол қою қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті