Қырғыз сейсмологтары Орталық Азияда таяу уақытта қатты жер сілкінісі болады деген болжам айтуда-газет - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғыз сейсмологтары Орталық Азияда таяу уақытта қатты жер сілкінісі болады деген болжам айтуда-газет

Қырғыз сейсмологтары Орталық Азияда таяу уақытта қатты жер сілкінісі болады деген болжам айтуда-газет

Алматы. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қырғыз сейсмологтары Орталық Азияда таяу уақытта қатты жер сілкінісі болады деген болжам айтуда, деп хабарлайды агенттік "Литер" газетіне сілтеме жасай отырып.

  • 20 Мамыр 2008
  • 791
Фото - Caravan.kz

«Қырғызстан Академиясының сейсмология институтының директоры Қанат Әбдірахматов жақын уақытта Орталық Азия аумағында қатты жер сілкінісі (7 — 9 балл) болады деген болжам айтуда. Оның пікірі бойынша, зілзала орталығы Жамбыл облысымен шекералас жатқан Шу облысында болуы мүмкін дейді», — деп хабарлайды газет.

Қырғыз сейсмологының пікірі бойынша, қатты зілзала биылғы жылы немесе 2010 жылдан аспайтын болады. «Сонымен қатар, сарапшылар қазақ-қытай шекарасындағы жер қатпарларының сілкінісіне назар аударып отыр, бұл жер дүмпулері көрші елдерден бұрын Алматы тұрғындарына қауіп төндіріп тұр», — деп хабарлайды басылым.

Қазақстан мамандары мұндай ақпаратты теріске шығарады. ТЖ жөніндегі департаментінің бастығы Бауыржан Ысқақовтың айтуынша, «алдағы екі айда Алматыда 2-3 балл құрайтын жер асты дүмпулері ғана болады», деп жазады газет.

«Қазақстан мен Қытай шекарасында қуаты 6 баллға жететін жер сілкінісі болған жағдайда, Алматыда оның күші 2-4 баллды ғана құрайды. Өйткені, олардың арасындағы арақашықтық 448 шақырым. Естеріңізде болса, Қырғызстанда, Таразда жер сілкінгенде Алматыда 2 баллдан артық жер асты дүмпуі болмайды», -деп мәлімдеді Б. Ысқақов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті