«Қазір Павлодар облысында Ертіс жағалауында құрылыс материалдарын шығару желілерінің жаңасын іске қосу, бұрынғыларын кеңейту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Оған жеке, сондай-ақ, несие қаражатынан құралған айтарлықтай инвестиция салынуда», — деп атап көрсетті департамент.
Атап айтқанда, ведомство мәліметтеріне сүйенсек, құрылыс индустриясы саласындағы бизнесті дамыту және облыс аудандарында жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында үш кірпіш зауыты іске қосылу үшін дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Май ауданындағы Қызылқұрам кен орнында жылына 10 млн кірпіш шығара алатын кәсіпорын құрылысы аяқталып келеді. Сонымен қатар, Лебяжье ауданындағы Черное ауылында «СМР-Павлодар» компаниясы құрылыс материалдарының жаңа зауытын іске қосуға дайындалуда. Қазіргі уақытта негізгі құралдардың монтажы жүріп жатыр. Желі қуаты жылына 12 млн керамикалық кірпішті құрамақ. Үшінші зауыт Баянауыл ауданында ашылады. Нысан құрылысымен «Бірлік» кірпіш зауыты» ЖШС айналысуда. Зауыт қуаты жылына 6-8 млн керамикалық кірпішті құрайды деп күтіліп отыр. Нысан биылғы жылдың ІІ жартысында іске қосылады», — деп атап көрсетті кәсіпкерлік пен өнеркәсіп департаменті.
Одан өзге «Хаги Павлодар» компаниясы қуаты жылына 50 млн керамикалық кірпіш шығаруға жететін зауыт құрылысын жүргізіп жатыр. Ол биылғы жылдың өзінде жұмыс істей бастайды деп күтіліп отыр.
Қазіргі уақытта «Кастинг» металлургиялық зауытында 3-ші прокат бітімін пайдалануға беру жұмыстары жалғасып жатыр. Ол 2009 жылы іске қосылғанда құрылыс арматурасының өндірісі жылына 300 мың тоннаға дейін ұлғаяды.
«Облыс аумағындағы құрылыс индустриясы саласына қатысты басқа да ірі жобалардың қатарында модификацияланған сұйық битум құятын цех пен метиз зауытын ашу жоспарланып отыр. алғашқысының жылдық қуаты 36 мың тонна болса, екіншісінікі жылына 200 мың тонна арматура», — деп атап көрсетті департаменттегілер.
Ведомство мамандарының айтуынша, қазір өңірде құрылыс материалдарын шығарумен айналысатын 30-дан астам кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. 2007 жылы олар 208,6 мың тонна бетон, 3,5 тонн металл қондырғылары, 5,6 тонна жылу сақтағыш материал, 85,6 мың тонна силикат және 0,5 мың текше метр кермикалық кірпіш, сондай-ақ, 2,9 тонна бояу мен лак, 71,4 мың тонна әк, 1034 тонна пастмасс бұйымдары мен 17,6 мың шаршы метр құрылыстың ағаш заттарын өндірген. Орта есеппен алғанда құрылыс материалдарының өндірісінің өсімі 2006 жылмен салыстырғанда 100 пайызды құрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті