«Бұдан бұрын Астанадан Қытайға ауыспайтын екі вагон ғана жүріп, олар оңтүстік Астанада «Алматы — Үрімжі» поезына тіркелетін. Осыған байланысты билеттер тапшылығы байқалатын. Мысалы, 2006 жылы 9,4 млн жолаушы тасымалданса, 2007 жылы бұл көрсеткіш 12 млн жолаушыға ұлғайды», -деп атап өтті баспасөз қызметі.
Жазғы маусымда Қытайға бағытталған туристік және сауда саяхаттары қызған шақта, Астана мен солтүстік өңірлердің тұрғындары тікелей рейстерге алдын-ала тапсырыс беріп, билеттерді сатып алады. Ашылатын жаңа халықаралық бағытта поез билеттері 45 тәулік бұрын сатылады.
Компанияның ақпараты бойынша, «Алматы — Үрімжі» бағытндағы поез аптасына бір рет жүретін болады және оның жолдағы қозғалыс уақыты 37 сағатты құрайды. Қазақстан астанасынан поез құрамы сейсенбіде 16 сағат 50 минутта шығып, Үрімжіге бейсенбіде 8 сағат 58 минутта жететін болады. Ал Қытайдан бейсенбі күні жергілікті уақытпен 23 сағат 58 минутта шығып, Астанаға сенбі күні 12 сағат 35 минутта келеді.
«Жаңа поез құрамындағы 9 вагонның 7-уі купелі, біреуі отбасыларға арналған вагон және «Достық» станциясына дейін мейманхана вагоны тіркелетін болады», — деп атап өтті баспасөз қызметі.
1992 жылдан бастап «Алматы — Үрімжі» бағытындағы поезі жол жүре бастады. 2004 жылдан бастап Астанадан аптасына бір рет екі вагон жіберіліп, олар Алматыда «Алматы- Үрімжі» поезінің құрамына тіркеліп отыратын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті