» Қазақстанда бұл тендерге қатыса алатын 200 ден аса дистрибьютерлік компания бар», — деді С. Сұлтанов.
Ол атап өткеніндей, компанияларға қойылып отырған талаптардың ең бастысы- «Қазақстан аумағында қойма нысандарының болуы тиіс екендігі».
«Бірыңғай оператор таңдалғанымен, ол жеке дәрі -дәрмектерді жеткізеді дегенді білдірмейді. Ол конкурстарды ұйымдастыру функцияларын орындап, дәрі- дәрмектердің тасымалы мен логистикасына жауап беретін болады «, — деп түсіндірді С. Сұлтанов.
Оның сөздері бойынша, енгізіліп отырған жаңа бастама медициналық мекеме қызметкерлерін оларға лайықты емес жұмыстан босатып, ем-дом жасау процессінің сапасын көтеретін болады.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов кеше өткен үкімет отырысында ҚР денсаулық сақтау министрлігі ұсынған мемлекеттік жеке серіктестік негізінде мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына дәрі-дәрмектерді бірыңғай жүйесімен бөлу жобасын қолдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті