Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, кездесу кезінде Қазақстанда өлім жазасын қолдану мәселесі талқыланып, есірткі тасымалы мен лаңкестікке қарсы күресте бірлесе отырып күш жұмылдырылуға байланысты мүдделілік танытылды.
«Жоғары мәртебелі қонақ Қазақстан әріптесін жылы шыраймен қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, орнатылған қарым қатынастардың қарқынымен сипатына көңілі толғанын білдірді «, -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
«Кездесудің соңында Қайрат Мәми мәртебелі қонақты әділеттілік орнату саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамуға үлес қосқаны үшін «Қарым-қатынасты дамытқаны үшін»- «For developing of relationship» төс белгісімен марапаттады», — деп айтылған хабарламада.
Жоғарғы сотта түсіндіргеніндей, Сауд Арабиясы Королдігінің әділет министрі республиканың жоғарғы сот органының шақыруымен келіп 22 мамырда Алматыда ертең өтетін «Қазақ билер соты- бірегей сот жүйесі» атты Халықаралық ғылыми конференциясы жұмысына қатысады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті