Президент ҰҚК төрағасының жаңа орынбасарын тағайындады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент ҰҚК төрағасының жаңа орынбасарын тағайындады

Президент ҰҚК төрағасының жаңа орынбасарын тағайындады

Астана. 22 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасының орынбасары қызметіне Болат Қырғызбаев тағайындалды. Сәрсенбі күні елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 22 Мамыр 2008
  • 518
Фото - Caravan.kz

«Мемлекет басшысының қаулысымен Қырғызбаев Болат Исатайұлы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасының орынбасары — шекара қызметінің директоры болып тағайындалды», — деп көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тиісінше, президент қаулысымен Болат Зәкиев Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасының орынбасары — шекара қызметінің директоры лауазымынан босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті