ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметтері бойынша, «21 мамырда 23 сағат 00 минутта РҚ қорғаныс министрлігінің саперлері әскери мақсаттағы жарылғыш заттардың қауіптілігін анықтады. Олар көрсеткеніндей, жарықшақ фугас снарядының 85 мм корпусының 1500 данасы, жарықшақ фугас снарядының 115 мм корпусының 100 данасы, жарықшақ фугас снарядының 122 мм корпусының 100 данасы және минометтік снарядының 122 мм корпусының 300 данасы табылды».
Барлық снаряд корпустарының жарылғыш заттары болмай шықты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Бұдан бұрын хабарланғанындай 20 мамырда сағат 17.00 «Қызылсай» станциясында №67648840 жүк вагонына тиелган 60 тонна металдың ішінен снарядтардың бастарына ұқсас металл заттары табылды.
Сонымен қатар, ТЖМ ақпараты бойынша Көкшетау-Астана(Ақмола облысы) көлік жолының 7 шақырымында 21 мамырда 14 сағат 35 минутта Ақмола облысы бойынша ҚР ҰҚК департаменті бастығының орынбасары жолдың шетінде жарылғыш құралға ұқсас затты тауып алды.
Арнайы шараларды жүргізу кезінде анықталғанындай, табылған зат әскери РГД-5 гранатасы болып шықты. ҚР ІІД » Арлан» арнайы бөлімшесінің саперлері жарылғыш затты жою үшін оны тәркіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті