Қазақстанда 1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында мұнай өнімдерінің экспортына тыйым салынады - үкімет қаулысы - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында мұнай өнімдерінің экспортына тыйым салынады  - үкімет қаулысы

Қазақстанда 1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында мұнай өнімдерінің экспортына тыйым салынады - үкімет қаулысы

Астана. 22 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ресми баспасөзде бүгін, бейсенбіде республика аумағынан тысқары жерлерге жанармай мен дизельдік отынды шығаруға уақытша тыйым салу жөніндегі ҚР үкіметінің қаулысы жарияланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 22 Мамыр 2008
  • 426
Фото - Caravan.kz

«Қаулы ресми түрде алғаш рет жарияланғаннан 10 күннен кейін күшіне енеді», -делінген құжат мәтінінде.

Қаулыға сәйкес мұнай өнімдерінің ішкі нарығын тұрақтандыру мақсатында 2008 жылдың 1 қыркүйегіне дейін республика аумағынан тысқары жерлерге жанармай мен дизельдік отынды шығаруға уақытша тыйым салынады.

ҚР Қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетіне қаулыны орындауға қажетті шараларды алу тапсырылды.

ҚР СІМ-іне ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетіне Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін шығаруға тыйым салынғаны жөнінде хабарлама жолдау тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті