«Қазір біз азық-түлік қауіпсіздігі туралы заңға енгізілетін өзгертулерді дайындап жатырмыз, жақын уақытта бұл заң жобасы парламентке жіберілетін болады», — деді А. Күрішбаев.
Ол еске салғанындай, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына 2008 жылғы жолдауында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес осы заң жобасы дайындалып отыр.
«Бұл жобада әлемдік тәжірибеге сәйкес Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін барлық негізгі нормалар бар», -деп атап өтті ауыл шаруашылық министрі.
Бұдан бұрын ҚР АШМ аграрлық ғылым және АӨК дамыту департаментінің директоры Берік Оспанов хабарлағанындай, ауылшаруашылық ведомстволары қолданыстағы бірқатар заң актілеріне енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды дайындап жатыр. Егер олар қабылданатын болса, ондай ішкі азық- түлік нарығын реттеуде мемлекеттің ролі күшейтіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті