Үкімет импорттық жылыжай мен жылыжай жабдықтары үшін салық жеңілдіктерін жасауға дайын-Күрішбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет импорттық жылыжай мен жылыжай жабдықтары  үшін салық жеңілдіктерін жасауға дайын-Күрішбаев

Үкімет импорттық жылыжай мен жылыжай жабдықтары үшін салық жеңілдіктерін жасауға дайын-Күрішбаев

Астана. 22 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет импорттық жылыжай мен жылыжай жабдықтары үшін салық жеңілдіктерін жасауға дайын. Бұл туралы бүгін АШМ коллегиясында ведомство басшысы Ақылбек Күрішбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 22 Мамыр 2008
  • 601
Фото - Caravan.kz

«Үкімет жылыжай шаруашылығын дамыту үшін импорттық жылыжай мен жылыжай жабдықтарын кедендік баж салығынан босату жөніндегі шараларды қолға алып, оларды ҚҚС босатылатын импорттық заттар тізіміне енгізді», -деді А. Күрішбаев.

«Мемлекет ауылшаруашылық өндірісшілерге қолдау көрсетіп, салық жеңілдіктерін беріп отыр «, -деп толықтырды ол.

Министр еске салғанындай, биылғы жылы «ҚазАгро» ұлттық холдингтің қаржысы есебінен елімізде 60-қа жуық жылыжай шаруашылықтары құрылады. Олардың құрылысын тұрғызу үшін арзан несиелер бөлініп отыр».

«Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, өткен жылы 19 жылыжай тұрақты түрде жұмыс істеп, онда шығарылған көкөніс үлесі 0,2 % құраған. Ал дамыған елдерде оның деңгейі 5-6% жетеді, мысалы Ресейдің өзінде ол 3,5% құрайды. Сондықтан ерте көктемде елді көкөніспен қамтамасыз ету үшін биылғы жылы жоспарланған жылыжай құрылыстарын аяқтау қажет», — деп қорытындылады А. Күрішбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті