«Біз Владимир Владимирович Путинмен жиі кездесетінбіз. Және туындаған мәселелерді жедел шешіп жүрдік. Біздің мемлекеттеріміз бен халқымыздың өзара мүдделерін ескере отырып және ашық диалог жолымен шешілмейтін проблема жоқ. Дмитрий Анатольевич Медведевпен өткен келіссөздер осы жағымды қалыптың сақталатынын, Қазақстан мен Ресейдің жоғарғы басшылықтары арасындағы сенімді қатынас дәстүрі жалғасатынын көрсетті», — деді Н. Назарбаев.
«Бұл сабақтастық біздің мемлекеттеріміз бен халықтарымыздың игілігіне жұмсалады», — деп атап көрсетті ол.
«Қазақстанның сыртқы саясатында Ресеймен қатынас бірінші орында болған және болашақта да бола береді», — деп сендірді Қазақстан басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті